Момышұлы бекетіндегі автобус күткен халық нөпірінің видеосы көпшілікті таңғалдырды

0
621

Абай даңғылындағы автобус аялдамасының жанында батыс бағытта көптеген қала тұрғыны жиналған.


Момышұлы бекетіндегі автобус күткен халық нөпірінің видеосы көпшілікті таңғалдырды

ERNUR.KZ. Алматыда кешке соңғы метро бекетінде көп адамның жиналуы байқалады, деп жазады tengrinews.kz.

Біз Бауыржан Момышұлы және Абай даңғылының қиылысында орналасқан "Бауыржан Момышұлы" бекеті туралы айтып отырмыз. Әлеуметтік желіде кешкі сағат 18:00 мен 20:00 аралығында түсірілген видео пайда болды. Абай даңғылындағы автобус аялдамасының жанында батыс бағытта көптеген қала тұрғыны жиналған. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл көпшілікті аялдаманың дәл жанында орналасқан метро жолаушылары деп болжады.


Ведомство мұндай халықтың ағыны қарбалас уақытта салыстырмалы түрде ұзақ уақыт жалғаспайтынын айтты.

"Көлік холдингінің байқау жүйесі бойынша кептеліс кезінде бұл учаскеде автобус күту уақыты 10-15 минут. Содан кейін автобустар келіп, жолаушылар әрқайсысы өз бағыты бойынша жүреді. Көлік холдингіне жолаушылар ағынын талдап, тиісті шара қабылдау үшін учаскелерді анықтау тапсырылды", - деді басқарма.

Сондай-ақ, талдау нәтижелері бойынша маршруттар күшейтілуі мүмкін.