"Мұғалім болу үшін 200-300 мың сұрайды": Алматылық тұрғын мектептерге наразы болды

1
2 505

Алматылық тұрғын бастауыш сынып мұғалімімен болған әңгімені айтып берді.


ERNUR.KZ. Алматыдағы жеке мектеп қызметкері Facebook желісіндегі парақшасында жас мұғалімнің айтқаны туралы жазды. Оның сөзінше, сегіз мектепте жұмысқа орналасу үшін 200 мыңнан 300 мыңға дейін пара сұраған. Білім және ғылым министрлігі жазбаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматылық тұрғын бастауыш сынып мұғалімімен болған әңгімені айтып берді.

"Мен "Неліктен әлі жұмысқа орналаспағансыз?" деп сұрадым, ол: "Мен мектепте жұмыс істегім келгендіктен мектепке бардым. Бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасуға біреуіне барғанымда - 200 мың сұрады, басқа біреуі - 250 мың, үшіншісі - 300 мың сұрады. Осылай сегіз мектепті аралап шықтым, "орналасу" 200 мың мен 300 мың аралығы. Ол кезде ондай ақшам болмады, төлегім келмеді, мені бағалайтын, "орналасуға" арналған ақшасыз да қабылдайтын мектеп табылар деп ойладым. Бірақ қателесіппін, ондай мектеп жоқ екен. Сегізінші мектептен кейін басқа жұмысқа кеттім" деп айтты", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Білім және ғылым министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттікпен тығыз жұмыс істеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нақты шаралар қабылдайтындарын мәлімдеді.

"Жазба авторы нақты адаммен сөйлескенін айтқандықтан және заңға қайшы әрекеттер туралы ақпарат алғандықтан біз автормен телефон арқылы сөйлесіп, педагогтің аты-жөнін және мектептер туралы мәлімет беруін сұрадық. Ол әзірге бізге ақпарат бермеді. Ақпарат қолымызға түскенде құқық қорғау органдарына жүгініп, тиісті шаралар қабылдауды талап етеміз", - деді ведомство баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.