Оның денесі 24 маусымда табылған, бірақ ол туралы бірнеше күннен кейін белгілі болған.
ERNUR.KZ. Ұзақ уақыт бойы БТА Банкінің экс-төрағасы Мұхтар Әблязовпен қызмет еткен бизнесмен Сергей Шекланов "Галс" яхта клубында өлі табылды, - деп хабарлайды tengrinews.kz РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап.
Оның денесі 24 маусымда табылған, бірақ ол туралы бірнеше күннен кейін белгілі болған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, денесінде зорлық белгілері жоқ. Сергей Шекланов жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігінен көз жұмған деген болжам бар.
Айта кетейік, Сергей Шекланов - "БТА-Казань" мен "Руснефтехима" банктерінің бұрынғы басшысы.