Сондай-ақ, көп пәтерлі тұрғын үй иелеріне салынатын жер салығын алып тастау көзделуде.
ERNUR.KZ. Жеке тұлғалардан алынатын мүлік пен жердің міндетті төлемдері бір салық түріне біріктірілмек, деп жазады inbusiness.kz.
Мәжіліске жаңа заң жобасын таныстыра келген Ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев осылай деді.
«Бұл түбіртектерді толтыру мен банк комиссияларын төлеу сияқты шығындарды азайту үшін жасалмақ», – деді вице-министр.