Мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды - Павлодар облысы

0
767

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жеткенімен мұздың тым жұқа болуына байланысты құтқару жұмыстары күрделене түскен.


Мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды - Павлодар облысы

ERNUR.KZ. Павлодарлық құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен балықшыны судан аман-есен алып шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

"20 қараша күні сағат 08:10-да 112 пультіне «Акуленок» шығанағының аумағында ер адамның балық аулау кезінде мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жеткенімен мұздың тым жұқа болуына байланысты құтқару жұмыстары күрделене түсті. Құтқарушылар 1960 жылғы азаматты мұздан шығарып алып, жедел жәрдем қызметінің бригадасына тапсырды. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, ҚР ТЖМ тұрғындарға осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұқа мұзға шықпауға кеңес беріп отыр.