«Мың бала» білім сайысында 201 оқушы жеңімпаз атанды

0
954

Сайысқа 30 мыңға жуық оқушы қатысты.


«Мың бала» білім сайысында 201 оқушы жеңімпаз атанды

ERNUR.KZ. «Мың бала» білім сайысына 30 мыңға жуық оқушы қатысты. Олимпиада екі жылға жалғасып, бірінші турға ауылды жерлердегі 5-6 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде 1050 оқушы іріктеліп, олардың 201-і жеңімпаз атанды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, логикалық және кеңістік ойлауды қамтиды. Республика бойынша ең жоғары қорытынды балды бес мың оқушы жинап, олар олимпиаданың екінші кезеңіне өткен.

«Мың бала» олимпиадасының 2020-2021 жылдағы жеңімпаздарының портфолиосы жинақталды, сонымен қатар 59 дарынды бала ҚР БҒМ бұйрығы негізінде мамандандырылған білім беру мекемелерінде білім алуда. Олимпиаданың екінші кезеңі облыстық тестілеу орталықтары базасында офлайн өткізіледі. Бұл кезеңде қатысушылар «Математикалық сауаттылық», қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін «Қазақ тілі», орыс тілінде оқитын оқушылар үшін «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндері бойынша академиялық білімдерін бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді», – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Маманқызы.

Тестілеу Олимпиадаға қатысушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде өткізіледі. І кезеңнің кешенді тестілеуі үшін ең жоғары мүмкін балл 500 балды құрайды. ІІ кезеңдегі компьютерлік тестілеу үшін мүмкін болатын ең жоғары балл 1000 балды құрайды.

«Олимпиаданың ІІ кезеңінің қатысушыларына «Математикалық сауаттылық» бөлімі бойынша ең төменгі шекті балл жинау қажет, бұл мүмкін болатын ең жоғары баллдың 30%-ын құрайды. Олимпиаданың ІІ кезеңінің ең жоғары қорытынды балы бар оқушылар жеңімпаз атанады. Білім бәсекесінде балғындардың бәсі жоғары болуы үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы түрлі зияткерлік додаларды жүзеге асырады. Соның ішіндегі ірі жобалардың бірі – «Мың бала» Ұлттық олипиадасы», – деді шараны ұйымдастырушылар.