Мысырда қайтыс болған қазақстандық елшінің артында екі баласы мен жүкті әйелі қалды

0
1 144

Марқұмның туыстары оқиғаға қатысты пікір білдірді.


Мысырда қайтыс болған қазақстандық елшінің артында екі баласы мен жүкті әйелі қалды

ERNUR.KZ. Жуырда Мысыр астанасында қазақстандық дипломаттың көз жұмғаны анықталды. Еламан Жолдасовтың туыстары болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады kaz.nur.kz.

Қазіргі таңда СІМ-нің қазақстандық өкілінің жұмбақ өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оның денесі кіреберістен табылды. Бұған дейін пайда болған нұсқа бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Алайда жақындары мұндай нұсқаны жоққа шығарып отыр.

Марқұмның бауыры Нұрлан Жолдасовтың сөзінше, отбасы объективті тергеу жүргізіледі деп үміттенуде. Ер адамның пікірінше, оның туысы діндар әрі білімді адам болған. Сол себепті де оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес.

Телеарна сюжетінде дипломаттың 40 жаста болғаны атап өтілді. Ол соңғы 15 жылда Мысырда өмір сүріп, ҚР елшілігінде мәдени кеңесшінің қызметін атқарған. Еламан Жолдасов әйелімен бірге екі баланы тәрбиелеп келген. Қазіргі таңда оның жұбайы үшінші сәбиіне жүкті.

Марқұмның туысқандары істің өлім себептерін анықтамай жабылып қалуы мүмкін екенін ойлап, мемлекет басшысынан оны жеке қадағалауына алуды сұрады.

ҚР СІМ-де қызметкерлерінің өлімі жайлы ақпаратты растады. Ведоствода қазіргі таңда осы мәселеге қатысты мысырлық прокуратураның қажетті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқаны атап өтілді.

Осы орайда министрлік көпшілікке үндеу жолдап, ресми қорытынды жарияланбас бұрын өз нұсқаларын ұсынбауды сұрады. Сонымен қатар, қазақстандық тараптың тергеуге қатысатыны атап өтілді.