Н. Нығматулин адвокаттардың тәртіптік кеңесіне қоғамдық ұйым өкілдерін алуды ұсынды

0
1 126

​ERNUR.KZ. Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында Палата Төрағасы Н. Нығматулин «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы талқылау барысында адвокаттардың тәртіптік кеңесіне қатысты мәселеге айрықша назар аударды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі​ хабарлады.


Н. Нығматулин адвокаттардың тәртіптік кеңесіне қоғамдық ұйым өкілдерін алуды ұсынды

фото: parlam.kz

ERNUR.KZ. Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында Палата Төрағасы Н. Нығматулин «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы талқылау барысында адвокаттардың тәртіптік кеңесіне қатысты мәселеге айрықша назар аударды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі хабарлады.


Қаралып отырған заң жобасында тәртіптік комиссияның құрамына алты адвокат, уәкілетті органның үш өкілі және отставкадағы судья кіреді делінген. Алайда Мәжіліс Төрағасы мәселенің өзектілігін алға тарта келіп: -адвокаттык тәртіптік комиссияда министрлік өкілдерінің болғаны міндетті емес, тіпті қажеті де жоқ. Қайта сол шенеуніктердің орнында қоғамдық ұйым өкілдері болса, жұмыс ашық та болады, нәтижесі де жақсы болады,-дей келіп, екінші оқылымда ескеру қажеттігін ұсынды. Айта кетейік, заң жобасы адвокаттық қызмет пен заң көмегін көрсету жүйесін кешенді түрде жетілдіруге бағытталып отыр.