Құрбанов "аттың" үстінде жаттығу жасау бойынша жалпы 14.633 ұпайға ие болып, бірінші орынға шықты.
ERNUR.KZ. Қазақстандық спортшы Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде алтыннан алқа тақты, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Құрбанов "аттың" үстінде жаттығу жасау бойынша жалпы 14.633 ұпайға ие болып, бірінші орынға шықты.
Екінші орында Матвей Петров (Албания), ал француз Томмасон Сириль қоланы қанағат тұтты.
Ал Токио Олимпиадасына барған Милад Карими еркін жаттығуда күміс жүлдені иеленді. Отандасымыз 14.300 ұпай жинады.
Израиль спортшысы Артем Долгопят жарыс жеңімпазы атанса, ирландиялық Эймон Монтгомери қола жүлдеге ие болды.