Наурыз айында қазақстандықтар жарты ай демалатын болады

0
1 635

eGov.kz сайтында жарияланған.


Наурыз айында қазақстандықтар жарты ай демалатын болады

ERNUR.KZ. Халықаралық әйелдер күні жұма күнге сәйкес келеді және демалыс болып саналады. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінде қазақстандықтар бес күн, яғни 21-25 наурыз аралығында демала алады, деп жазады baq.kz.

Наурыз айында қазақстандықтар жарты ай демалатын болады. eGov.kz сайтының мәліметінше, егер мемлекеттік мереке демалыс күндерге (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Осылайша, Наурызды мерекелеу 23 наурыз, яғни сенбіге сәйкес келгендіктен, ол демалыс күн 25 наурыз – дүйсенбіге ауыстырылады.

eGov.kz сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес, наурыз айында Қазақстанда 17 жұмыс күні және 14 демалыс күн (мереке күндерін қоса алғанда) болады.

8-Наурыз – Халықаралық әйелдер күні жұма күнге сәйкес келеді және демалыс болып саналады. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінде қазақстандықтар бес күн, яғни 21-25 наурыз аралығында демала алады.