Наурыз көжеге қосылатын азық-түлік түрлері қымбаттады

0
5 593

Наурыз мейрамы қарсыңында наурыз көженің құрамына кіретін дақылдар 1-4%, айран-6%, ет-10%-ға қымбаттады. Дәстүрлі көже құрамына кіретін ұн, тұз, ет, сүт өнімдері, дәнді-дақылдардың қаншалықты қымбаттағанын Energyprom агенттігінің сарапшылары анықтады, деп хабарлайды informburo.kz.

Наурыз айының басында қазақстандықтар тұзды 51 теңгеге алса, қазір ол 0,2%-ға қымбаттаған. Ал, бір жыл бұрын 7,6%-ға арзан болған. Жоғары сұрыпты ұн бағасы ақпан айында бір килограммы 150 теңге болса, қазір 0,4%-ға қымбаттаған. Кеспе өткен жылға қарағанда 2,7%-ға өскен, қазір кеспені 405 теңгеге алуға болады.

Дақылдар өткен жылға қарағанда едәуір өскен. Наурыз көженің маңызды қоспасы - бидай 1,3% -ға қымбаттаған, оны 209 теңгеге сатып алауға болады. Сұлы бағасы болса 4,4%-ға өскен, оны сіз 304 теңгеге аласыз. Ал арпаны 167 теңгеге аласыз, оның нарқы 0,4% жоғарылады.

Айран көктемге дейін литрі 273 теңге тұрса, қазір 6,5%-ға қымбаттаған. Сары май болса бір ай көлемінде 0,6%-ға өскен, майды сіз 1960теңгеге аласыз.

Ет өнімдеріне келер болсақ, жылқы етінің 1 килограммын 1606 теңгеге бағаланған. Бір жылда жылқы еті 7,6%-ды құрады. Ал, сиыр еті 10,1 %-ға өсіп құны 1470 теңгеге жеткен. Қой еті 10,2%-ға өсіп бағасы 1380 теңгеге жетіп отыр.