​Назарбаев ажырасудың басты себебін атады

0
2 035

Қыздар өз рөлін білмейді, жігіттер мұның үлкен жауапкершілік екенін білмейді.


​Назарбаев ажырасудың басты себебін атады

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан VIII Азаматтық форумы аясында өткен пленарлық отырыста ажырасудың басты себебін атады, деп жазады Baq.kz.

«Ажырасу – алаңдататын сұрақ. 1,5 млн некенің 25-30% ажырасумен аяқталады. Себебі біз мектепте жоғары сыныптарда балаларды қатынасу, ер мен әйелдің есею сияқты тақырыптарды оқытпаймыз. Қалай жүкті болады? Не шығады? Біз, қазақтар, мұны айтуға ұяламыз. Ұят дейміз, содан кейін керісінше нағыз ұят болады. Сол себепті психологияны өзгертуіміз керек, мектептен тәрбиелеуіміз қажет. Мұнда тұрған ешқандай ұят жоқ, мұның бәрі адамға қатысты, сол себепті осыған назар аударып отырмын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жастардың отбасын құруға дайын болмауынан ажырасу көп екенін айтты.

«Бұл - психологиялық мәселе. Ажырасу жағдайы мен себебі әртүрлі. Бірі ата-анасын сыйламайды, ендігі бірінде баспана жоқ, үшінші бірінде жалақысы жетпейді, ал ең бастысы – жастардың отбасын құруға дайын болмауы. Қыздар өз рөлін білмейді, жігіттер мұның үлкен жауапкершілік екенін білмейді. Егер сен жұмыс істемесең, оған қоса білім алмасаң, онда сен отбасын құра алмайсың. Оларға мұны кім айтады? Мұны біреу айтуы керек қой және мұны мектептегі орындықтан бастау керек», - деді Мемлекет басшысы.