Қазақстан Президенті кәсіпорын еңбеккерлерімен кездесу барысында өнеркәсіптің түрлі салаларында заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы «Жігермұнайгазсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы өнім өндіру көлемін, еңбек өнімділігін, металл өңдеу дәлдігін арттыруға, сондай-ақ адам факторына байланысты қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін, робот көмегімен дәнекерлеу әдісін қолдану арқылы металл конструкцияларын өндірудің технологиялық үдерісімен танысты.
Нұрсұлтан Назарбаевқа зауытта ішкі нарыққа және экспортқа шығаруға арналған дайын өнім үлгілері көрсетілді.
Қазақстан Президенті кәсіпорын еңбеккерлерімен кездесу барысында өнеркәсіптің түрлі салаларында заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтіп, «Жігермұнайгазсервис» компаниясының өндірісін әртараптандырудың артықшылықтарын айтты.