Назарбаев қазақстандықтарды қытай тілін үйренуге көп көңіл бөлуге шақырды

0
1 484

Қазақстанда қытай тілін үйрену өзекті мәселе болып тұр, деп санайды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. "Қытай тіліне көп көңіл бөлу керек. Қытай экономика бойынша және аймақ бойынша ірі серіктесіміз болып жатыр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында өткен оқулықтар презентациясында


Назарбаев қазақстандықтарды қытай тілін үйренуге көп көңіл бөлуге шақырды

Қазақстанда қытай тілін үйрену өзекті мәселе болып тұр, деп санайды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. "Қытай тіліне көп көңіл бөлу керек. Қытай экономика бойынша және аймақ бойынша ірі серіктесіміз болып жатыр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында өткен оқулықтар презентациясында, деп хабарлайды ERNUR.KZ today.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, президент биыл тағы бірнеше шетелдік оқулықтарды аударуды ескеру қажеттігін атап өтті. Оның ішінде, "қазақ жоғары оқу орындары үшін орыс тіліне аудару өте маңызды. Біздің студенттердің ең үздік әлімдік стандарттар бойынша білім алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл оқулықтарды орыс тіліне аудару бізге қиындық тудырмайды ", – деді Президент.

Айта кетейік, Астанада "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында аударылған алғашқы кітаптардың таныстырылымы өтті.Назарбаев қазақ халқы әлемге өз мәдениетін, өз тарихын паш еткісі келетінін, бұған ешкім таңғалмауы тиіс екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанда білім сапасын жақсарту мақсатында университет саны қысқаруы мүмкін екенін жеткізді.