"Не істеп жатырсың? Қажет емес": Bek Air ұшқыштарының диалогы жарияланды

0
1 130

Алматы түбінде апатқа ұшыраған ұшақ құйрығымен алты рет, шассимен төрт рет және қанатымен бір рет ұшу жолағына соғылған.


ERNUR.KZ. Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты құрылған үкіметтік комиссия ұшқыштардың әңгімесін зерттеп шықты. Осы және басқа да параметрлік көрсеткіштердің негізінде апаттың хронологиясы жасалды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Хронология
7:20:02 - ұшақ жолаққа шығады;
7:20:41 - экипаж алдыңғы шассиді көтеруді бастайды;
7:20:45 - ұшақ максималды жылдамдықпен жерден көтеріледі;
Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі Роман Склярдың айтуынша, ұшақ жерден көтерілген бойда алдымен сол жаққа, одан кейін оң жаққа қисая бастайды. Экипаж ұшу траекториясын ұстап қалуға тырысты. Осыдан кейін негізгі шасси және ұшақтың сол жақ қанаты жерге тиеді.
7:20:53 – ұшақ оңға қарай қисаяды. Осы кезде командир: "Не болып қалды?", - деп сұрайды.
7:20:54 – екінші пилоттың жауабы: "Не болғанын білмеймін. Стабилизатор... Тоқта... Мен бұл жерге түсемін (ары қарай боқауыз сөздер кетеді)".
"Осы кезде екінші ұшқыш қозғалтқыштардың жұмысын баяулатып, ұшуды тоқтатуға әрекет жасаған секілді. Алайда бірнеше секундтан кейін қозғалтқыштардың жұмысы тағы 93-95 процентке артып, әуе кемесі ұшуды жалғастырады", - дейді Скляр.
7:20:57 – командир екінші ұшқышқа: "Керек емес. Не істеп жатырсың?", - деп айтады. Сөйтіп, жылдамдықты арттырып, "Кеттік! Кеттік!" дейді.
7:21:04 – командир шассиді алып тастауға бұйрық береді;
"Осыдан кейін ұшақ бірнеше рет жерді сызып өтті. Құйрығымен алты рет, шассимен төрт рет және қанатымен бір рет ұшу жолағына соғылып, сол жақ қауіпсіздік жолағына сырғанап кеткен. Осы кезде ұшу жолағының 38 шамы қирады", - деп атап көрсетті Скляр.
7:21:15 – бес метр биіктікте шассиді алып тастаған, артынан ұшақ фюзеляжбен жерге жатып, ұшу алаңының сыртына шығып кеткен.