Никол Пашинян Тоқаевтың Арменияға алғашқы сапары мол мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты

0
406

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бірлескен мәлімдемеге қол қойды.


Никол Пашинян Тоқаевтың Арменияға алғашқы сапары мол мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты

Мемлекет басшысы Ереванға Қазақстан Президенті ретінде ресми сапармен алғаш рет барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

"Сіздің бүгінгі сапарыңыздың маңызы зор. Келіссөздер барысында кең ауқымды мәселелерді қарастырдық. Соның ішінде экономикалық және саяси ынтымақтастықты тереңдетуге, өңірлік ықпалдастықты кеңейтуге баса мән бердік. Сонымен қатар біз мәдени-гуманитарлық саланы да назардан тыс қалдырған жоқпыз.

Биыл Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері, ал келесі жылы Арменияда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді. Жалпы, бүгінгі қарастырылатын мәселелер – ауқымды және мазмұнды. Сіздің сапарыңыздың нәтижесінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағытын дамытуды көздейтін нақты шешімдер қабылдайтынымызға сенімдімін", – деді Армения Премьер-министрі.