Бұл алаяқтықтың алдын алуға септігін тигізеді.
ERNUR.KZ. Елімізде 1 шілдеден бастап нотариаттық құжаттарға QR-код беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев айтты, деп жазады inbusiness.kz.
«Әрбір нотариаттық құжатқа жеке QR-код беріледі. Ол бірегей болып табылады. Сонымен қатар құжатты бұрмалаудан, жалған құжат жасаудан қорғауды қамтамасыз етеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін электрондық құжаттың қағаз құжатпен тең дәрежеде куәландыру бойынша нотариаттық іс-әрекеттер енгізілді. Бұл азаматтарға қағаз құжаттарды онлайн режимінде ұсынуға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.
Азамат Әмірғалиевтың айтуынша әр нотариаттық құжатта QR-код болады. Тіпті банкте немесе өзге де орында QR-кодты сканерлеу арқылы оның түпнұсқа екенін тексеруге болады. Бұл цифрлық шешім көптеген мәселедерді жеңілдетпек.