Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың іске асырылу барысы жөнінде әңгімелесті.
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. akorda.kz сайтына сілтіме жасап.
Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың іске асырылу барысы жөнінде әңгімелесті.
Осыған байланысты тараптар 2017 жылы екіжақты сауда-саттық көлемінің 31 пайызға артып, биылғы бірінші тоқсанда бұл көрсеткіштің оң қарқыны сақталып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.