Партияның кезектен тыс XXII съезінде Мәжіліс төрағасы Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгертуді ұсынды.
ERNUR.KZ. Nur Otan партиясын атауын "Аманат" деп өзгерту туралы ұсыныс жасалды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Партияның кезектен тыс XXII съезінде Мәжіліс төрағасы Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгертуді ұсынды.
"... Ашығын айтқанда елмен бірге партия да жаңғыруы қажет. Ұйымның идеологиясын жаңа мазмұнмен толықтырып, тиімді жұмыс тәсілдерін енгізуіміз керек. Осы орайда партияның табиғаты да, атауы да өзгертіп, жаңаруы керек деп санаймыз. Мұндай өзгерістердің қажет екенін өңірлерге барған кездесу барысында байқадық. Бұл мәселесі алдын ала жан-жақты талқыланды, бірқатар ұсыныс айтылды. Пікірлесе келе партиямыз "Аманат" деген атауға лайық деген тоқтамға келдік", - деді Ерлан Қошанов.