Тағы екеуінің жағдайы ауыр, дейді дәрігерлер.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан дәмханасында жарылыс кезінде зардап шеккен бір адам көз жұмды, деп жазады Tengrinews.kz.
"Бастапқыда ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен науқас жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Науқаста ми және жұлын зақымы болды. Ауруханаға түскен сәттен бастап науқасты №2 көпсалалы қалалық аурухана мен Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары қарап шықты.
Алайда барлық жүргізілген емдеу шарасына қарамастан, науқасты аман алып қалу мүмкін болмады", - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.
Оның айтуынша, жансақтау бөлімінде тағы екі адам жатыр. Қалған науқастар аурухананың бейінді бөлімшелерінде ем алып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.
Еске салайық, 21 қарашада Нұр-Сұлтандағы танымал дәмханада газ баллоны жарылған болатын. Салдарынан асүй бөлмесіндегі шатыр опырылған. Жарылыстан ғимаратта болған әйел ауруханада көз жұмды. 35 адам жарақат алып, 23 адам ауруханаға жатқызылды. Қала әкімі Алтай Көлгінов марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін айтты