Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады

0
1 554

19 наурыздан бастап астана мен Алматы карантинге жабылады.


Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылады

ERNUR.KZ. Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы 19 наурыздан бастап карантинге жабылады, деп жазады sputniknews.kz.

Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуына жол бермес үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Осыған сәйкес, 19 наурызда сағат 00:00-ден бастап екі мегаполисте карантин жарияланады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32 адам. Оның 15-і Алматыда, қалған 17-сы Нұр-Сұлтан қаласында.

Қазақстанда 16 наурыз таңғы сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол отыз күнге созылады.