Ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақ онлайн форматына көшеді.
ERNUR.KZ. Елорданың білім басқармасы 7 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ қашықтан өтетіні туралы хабарлады, деп жазады Елорда Инфо.
«07.12.2020 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшеді», — дейді Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы.