Нұр-сұлтанда әлеуметтік осал топтағы балалар қосымша тегін білім алады

0
572

Нұр-Сұлтандағы «Замандас» клубы 9 үйірмені тегін ұсынады.


Нұр-сұлтанда әлеуметтік осал топтағы балалар қосымша тегін білім алады

иллюстрациялық фото

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арналған «Замандас» аула клубы ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Корпоративтік қызметіне сілтеме жасап.

10 қыркүйек күні сағат 11:00-де көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың балалары мен жасөспірімдеріне арналған «Замандас» отбасылық аула клубының ашылуы өтеді. №55 орта мектепте жаңа клуб ашылады. Барлығы 250 -ден астам әлеуметтік осал топтағы балалар қосымша білім алып, бос уақыттарын тегін өткізе алады.
«Замандас» клубтары 9 үйірмені тегін ұсынады: арт-терапия, хореография, шахмат, каратэ, музыкалық (домбыра), тоғызқұмалақ, ағылшын, қазақ күресі курстары, балалар мен ата-аналарға арналған «Бақытты отбасы» клубы.
Аула клубының ашылу салтанатына «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының, «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің, «Замандас21» ҚҚ өкілдері, орта мектеп директорлары, балалар мен ата-аналар қатысады.