Нұр-Сұлтанда білім басқармасы басшысының орынбасары жұмысынан қуылды

0
792

Сонымен қатар "Балабақша - № 12 бастауыш мектеп" кешені" КММ директоры да жұмысынан босатылды.


Нұр-Сұлтанда білім басқармасы басшысының орынбасары жұмысынан қуылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда білім басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

"Аталған қылмыстық іс аясында бюджет ақшасын бірнеше рет ұрлау фактісі бойынша "Балабақша - № 12 бастауыш мектеп" кешені" КММ директоры Т. Жұмабай бен № 13 орта мектептің директоры - "Нұр-Сұлтан қ. білім басқармасы" МБ басшысының қаржы мәселелері, оның ішінде мемлекеттік сатып алуларға жауап беретін орынбасары Қ. Рахымбеков қызметінен босатылды", - деді ол.

2015 жылдың тамызынан бастап №13 орта мектептің директоры болып тұрғанда Қ.К. Рахымбеков қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған басқа адамдардың мүлкін ұрлау мақсатында қол астындағы қызметкеріне қағаз жүзінде жұмысқа орналастыру үшінағарту саласында қажетті білімі бар адамды іздестіруді сұрайды, сонда оған мектептің қажеттілігіне-мыс деп ақша аударамыз деп түсіндіреді.

Осылайша № 13 орта мектеп директоры Рахымбековтің бұйрығымен К. еңбек шартының талаптарына сәйкес бір ставкалы мұрағатшы қызметіне тағайындалды. Азамат К. іс жүзінде мұрағатшының міндеттерін орындамаған, оның жалақысын мектеп директоры алып отырған.

2 673 013 теңге көлемінде алынған соманы мектеп директоры оқу орнының қажеттіліктеріне жұмсап, қалған 400 000 теңгені өз қалауына жұмсаған. 2020 жылдың ақпан айында Қ.Рахымбеков өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, "Сапатранс" ЖК басшысын жымысқы іске тартты. Сапиннің арнайы техникалық құрал-жабдықтары болған, оған мектеп аумағынан қарды шығаруға келісім жасасуға көмектесу үшін ақшалай сыйақы төлеуге уәде беріп, қымбат келісімге қол қояды. Ақша аударылған соң келісілген сомадан артылған ақшаны ол директорға қайтарып беруі керек болған.

2020 жылдың 15 наурызында бір топ адамдармен алдын-ала келісіп әрекет еткен Т.Б.Сапин Нұр-Сұлтан қаласы Шалкене к-сі, 5 үй мекен-жайы бойынша орналасқан оқу орнының аумағынан қарды тазалап, шығарылуын қамтамасыз етті. Кейін, Қ. Рахымбеков жалпы сомасы 600 000 теңгеге келісімшартқа қол қойылып, мектеп аумағындағы қардан тазалық жұмыстары туралы акт жасалды. Бұл әрекеттер үшін Сапин Рахымбековтің әйелінің картасына жеке қажеттіліктеріне жұмсалған 440 000 теңгені аударады.

2020 жылдың наурызында. Қ. Рахымбеков жалпы сомасы 905 000 теңгенің ақпараттық-тақырыптық баннерлерді сатып алу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, сеніп тапсырылған біреудің мүлкін ұрлау мақсатында мектептің қажеттіліктері үшін "Азия-Арт" ЖК басшысы М.О. Әбішевті тартқан. Оның арнайы құрал-жабдықтары мен баспаханасы болған, оған үлкен сомаға келісімшарт жасаса, ақша аударылғанда 183 000 теңгесін қайтарып беруге уәде етеді. Осылайша заңсыз келісімге қол жеткізіп, Рахымбеков К.К. және Әбішев М.О қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

"Бұл әрекеттері үшін, Рахымбеков № 2 Алматы аудандық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабы, 2.3-тармағының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызметтер атқару құқығынан өмір бойына айыру арқылы ұрланған мүлікті он есе мөлшерінде, яғни 10 200 000 теңге айыппұл салынды", - деді Жылқышиева.