Нұр-Сұлтанда бірқатар көше атауы өзгертіледі

0
2 332

"Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы" қаулысының жобасы 8 ақпанға дейін талқыланады.


Нұр-Сұлтанда бірқатар көше атауы өзгертіледі

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы бірнеше көшенің атауы өзгертіледі. Қаулы жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп жазады Stan.kz.

"Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы" қаулысының жобасы 8 ақпанға дейін талқыланады.

Мәселен, Алматы ауданы бойынша келесі көшелердің атауы өзгертілмек:

  • жобалық атауы А21 көшеге – Ұзақбай Құлымбетов көшесі;
  • жобалық атауы № 231 көшеге – Әнуарбек Байжанбаев көшесі;
  • жобалық атауы № 23-14 көшеге – Мақтай Сағдиев көшесі;
  • жобалық атауы А22 көшеге – Кәмен Оразалин көшесі;
  • жобалық атауы А23 көшеге – Аманжол Бөлекпаев көшесі;
  • жобалық атауы № 23-7 көшеге – Бәйкен Әшімов көшесі;
  • жобалық атауы А25 көшеге – Кеңшілік Мырзабеков көшесі;
  • жобалық атауы А26 көшеге – Нығмет Нұрмақов көшесі;
  • жобалық атауы № 23-6 көшеге – Рахманқұл Бердібай көшесі;
  • жобалық атауы А36 көшеге – Салық Зиманов көшесі;
  • жобалық атауы А98 көшеге – Жұбан Молдағалиев көшесі;

"Есіл"ауданы бойынша:

  • жобалық атауы Е755 көшеге – Әнет баба көшесі;
  • жобалық атауы Е16 көшеге – Хиуаз Доспанова көшесі;
  • жобалық атауы Е22 көшеге – Роза Бағланова көшесі;
  • жобалық атауы Е574 көшеге – Бердіқожа батыр көшесі;
  • жобалық атаулары Е584 және Е631 көшелерін біріктіріп, Баймұхамет Қосшығұлов көшесі;
  • жобалық атаулары Е587 және Е619 көшелерін біріктіріп, Уәли Халфин көшесі;
  • Достық көшесінен басталып,Дінмұхамед Қонаевкөшесіне дейін жалғасатын «Қазмедиа орталығы» ғимаратының алдында орналасқан атаусыз көшеге – Қазақ радиосы көшесі.

«Байқоңыр» ауданы бойынша:

  • Жұмабек Тәшенов көшесі – Жұмабек Тәшенев көшесі;
  • Павлик Морозов орамы – Сейхун орамы;
  • Ленинградский орамы – Төрткөл орамы;
  • Жұмабек Тәшенов орамы – Жұмабек Тәшенев орамы;
  • Жазық орамының Өндіріс көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ырғыз орамы;
  • Гүлзар орамының Саржайлау көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ақжарма орамы;
  • Ақсеңгір көшесінің Құсжолы көшесінен басталатын бөлігі – Шоқпартас орамы;
  • Телжан Шонанұлы көшесінің Николай Гоголь көшесінен басталып, Ташкент көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шілікті орамы;
  • Ағадыр көшесінің С613 жобалық көшесінен басталып, Тайбурыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шилісай орамы;
  • Ағадыр көшесінің № 8 үйден басталып, Игілік көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шеңгелді орамы;
  • Кеншілер көшесінің Кентау көшесінен басталып, Ақшағыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Қарғалы орамы;
  • Жетісай орамының № 49А үйден басталып, Юрий Малахов көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Үңгіртас орамы;
  • Ақшағыл көшесінің Кентау көшесінен басталатын бөлігі – Тұздыкөл орамы;
  • Юрий Малахов көшесінің № 12 үйден басталып, Саржайлау көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Түрген көшесі;
  • Төңкеріс көшесінің № 14 үйден басталып, Проезд-48 көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Толағай орамы;
  • Саржайлау көшесінің № 9/5 үйден басталып, № 11А үйге дейін жалғасқан бөлігі – Текелі орамы;
  • Шыңғырлау көшесінің № 17/1 үйден басталып, № 1А үйге дейін жалғасқан бөлігі – Тастөбе орамы;
  • Өзен көшесінің Сусамыр көшесінен басталып, Өндіріс көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Талдыбұлақ орамы;
  • Қызылжар көшесінің Жезкиік орамынан басталып, Найзатас орамына дейін жалғасқан бөлігі – Өлеңдісай орамы;
  • Тасқұдық көшесінің № 20 үйден басталып, Ынталы көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ойқарағай орамы;
  • Құрманғазы көшесінің № 50 үйден басталып, № 64 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Жиренкөл орамы;

«Есіл» ауданы бойынша:

  • Шығыс Ильинка тұрғын алабы –Үркер тұрғын алабы;
  • Новый аэропорт көшесі – Жаңадария көшесі;
  • Сығанақ және жобалық атауы Е10 көшелерін біріктіріп,Сығанақ көшесі;
  • Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:
  • Пионерская көшесі – Талшық көшесі;
  • Проезд-52 көшесі – Ақтоғай көшесі;
  • Мостопоезд-463 көшесі – Жартас көшесі;
  • Аспара көшесінен басталып, Медеу көшесіне дейін жалғасқан Тарас Шевченко көшесі – Қатонқарағай көшесі;
  • Екінші Алматы және жобалық атауы С409 көшелерін біріктіріп,Ермек Серкебаев көшесі деп қайта аталсын.