​Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік туристік ұйымның қалалық туризм бойынша жаһандық саммиті өтеді

0
1 288

Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған барлық қажетті инфрақұрылымға ие.


​Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік туристік ұйымның қалалық туризм бойынша жаһандық саммиті өтеді

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік туристік ұйымның қалалық туризм бойынша сегізінші жаһандық саммиті Нұр-Сұлтанда өтеді. Мұндай шешім былтыр Сеулде қабыданды. Португалияның Лиссабон қаласында өткен туризм форумында елорда басшысы Бақыт Сұлтанов пен ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвили жаhандық шараны өткізу бойынша келісімге қол қойды, деп жазады 24.kz.

7-11 қазанға жоспарланған ауқымды шара нәтижесінде Нұр-Сұлтан Орталық Азияның жаңа туризм орталығы ретінде танылады. Халықаралық беделі артып, шетелдік меймандар үшін тартымды қалаға айналмақ. Бүгінде елордада 231 қонақ үй бар. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған барлық қажетті инфрақұрылымға ие.

Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

– Нұр-Сұлтан қаласы әлемдегі жас астаналардың бірі. Соның өзінде біздің әлемдегі беделіміз айқын. Талай ауқымды шараларды өткіздік. Орталық Азияның жаңа туризм орталығы болуға дайынбыз дей аламын. Елордамызда бұған барлық жағдай жасалған.