Шеру өткізу туралы өтініш өтетін күннен кем дегенде 10 күн бұрын жолдануы тиіс.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі хабарлады, деп жазады baq.kz.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер және шерулер өткізу және ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында қоғамдық орындарда акцияларды өткізу үшін жолданатын өтініштің мазмұнына қатысты нақты талаптар анықталған. Бұған сәйкес, бейбіт жиналыс, шеру өткізу туралы өтініш өтетін күннен кем дегенде 10 күн бұрын жолданады.Өтініште шараның мақсаты, формасы, өткізу орны, күні, акцияның басталатын және аяқталатын уақыты, шараға қатысатын адамдардың саны, ұйымдастырушылардың және қоғамдық тәртіпке жауапты тұлғалардың толық аты-жөні, мекен-жайы, жұмыс орны (оқу орны) нақты көрсетілуі қажет. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның жергiлiктi атқарушы органда тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Сізге заңнама талаптарының сақталмауына байланысты наразылық акциясы өткізу туралы өтінішіңіздің қанағаттандырылмайтындығын хабарлаймыз. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер және шерулер өткізу және ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзу жауапкершілікке әкеп соқтыратындығын ескертеміз», - делінген ұйымдастырушыларға берілген жауапта.