Полицейлер әйел адамға қол көтерген күдіктіні іздестіріп жатыр.
Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Елордада лифт ішінде әйелді бірнеше мәрте ұрып жіберген ер адам видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Еуразия бірініші арнасы.
Кадрлардан жедел саты ішіне кірген ер адам бойжеткенге алдымен су шашып кейін оның басынан, бетінен шапалақпен ұрғанын көруге болады.
Полицейлер әйел адамға қол көтерген еркекті іздестіріп, оған қатысты тиісті шара қолданылатынын атап өтті.
Оқиға Елордадағы тұрғын-үй кешендерінің бірінде болған.