Осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда медициналық маскаларды жоғары бағамен сатқандар анықталды, деп жазады Tengrinews.kz.
"Республикадағы төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан тұрғындары 550 дана масканы жоғары бағамын сатып келген. Оларда ешқандай құжат болмаған. Жалпы сомасы 12 500 000 теңгеге маска сатқан", - делінген комитеттің хабарламасында.
Осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылады.
"Медициналық маскалар мен антисептик құралдардың бағасы негізсіз жоғарылағанын байқасаңыздар Қаржы бақылау комитетіне мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 70-84-78, 8 (7172) 31-61-45", - делінген хабарламада.