Нұр-Сұлтанда он метрлік аққала салынды

0
2 940

Елордада салынған аққала Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең үлкен деген атаққа үміткер болуы мүмкін.


Нұр-Сұлтанда он метрлік аққала салынды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Көктал саябағында (Сарыарқа ауданы) ең үлкен аққала салынды. Оның биіктігі — 10 метр, деп хабарлайды ERNUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Әбдірахман Дәуленбаевтың айтуынша, алып аққаланың салынуына бюджет қаражаты бөлінбеген.


«Елорда әкімдігі мен Сарыарқа ауданы тұрғындарының ынтасы мен бірлескен күш-жігерінің арқасында ауданның да, қаланың да көрікті жеріне айналған Аққала пайда болды. Жоба авторы — белгілі мүсінші-суретші, «Қазақ елі» монументінің авторы Сембіғали Смағұлов», — деді Әбдірахман Дәуленбаев.


Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен аққала қаңқасыз жасалып шыққанын мәлім етті.


«Аққаланы салу кезінде белгілі бір қиындықтар болды, өйткені қатты аяздың салдарынан қар дұрыс жабыспай, құм сияқты шашылып жатты. Оның биіктігі — 10 метр, шарфының ұзындығы — 20 метр. Қалпақтың орамы — 5 метр», — деді Елнар Базыкен.




Елордада салынған аққала Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең үлкен деген атаққа үміткер болуы мүмкін.