Өзіне өрт қойған әйелді жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды. Дегенмен науқыстың жағдайы әлі де ауыр.
ERNUR.KZ. Дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің жағдайы туралы мәлімдеді. Олардың айтуынша, науқастың денесінің көп бөлігін күйік шалған, деп жазады exk.kz.
Әйел Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Реаниматолог пен комбустиолог-терапевттің қарауынан өткен науқас жансақтау бөліміне жатқызылды.
"Ауруханаға жеткізілгенде науқас өте ауыр халде еді. Денесінің көп бөлігін күйік шалған. Қазіргі уақытта ол комбустиология бөліміне жатқызылды", деді қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Сондай-ақ, аталған дерек бойынша ҚК-тің 105-бабына (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.