Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелерінің бірінде оқыс жағдай болды

0
2 067

​№145 сайлау учаскесі үшінші мектеп-гимназияда орналасқан.


Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелерінің бірінде оқыс жағдай болды

ERNUR.KZ. Елордада №145 сайлау учаскесінде төбе опырылды. Зардап шеккендер жоқ, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде елордадағы №145 сайлау учаскесінде болған оқыс жағдай туралы ақпарат тарады. Суреттерден төбенің опырылып қалғанын көруге болады.



Қаланың білім басқармасы бұл ақпаратты растады.

"№145 сайлау учаскесінде (Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының қиылысы) аспалы төбеге аздап техникалық зақым келді. Проблема жойылуда. Зардап шеккендер жоқ", - деді білім басқармасындағылар.

Қазіргі таңда сайлау учаскесі штатты режимде жұмыс істеп тұр.