Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болды

0
2 706

Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында таяуда жеткізілген қоғам белсендісі 1977 жылғы Дулат Ағаділ қайтыс болды.


Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болды

фото: тengrinews.kz.

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ қайтыс болды, деп жазады тengrinews.kz.

"Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында таяуда жеткізілген қоғам белсендісі 1977 жылғы Дулат Ағаділ қайтыс болды. Ол сотқа құрметсіздік танытып, судьяға балағат сөздер айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - дейді полицейлер.

Сот сараптамасы қорытындысы оның ұсталған кезде мас күйде болғанын көрсетті.

Полицейлердің мәліметінше, өлімнің алдын ала себебі - жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі. Денесінде ешқандай жарақат болмаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.