Нұр-Сұлтанда түнгі клубтағы адамдар эвакуацияланды

0
607

Оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері түнгі клубтың аумағын тексерді.


Нұр-Сұлтанда түнгі клубтағы адамдар эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Елордада түнгі клубты белгісіз біреу "миналамақ" болды, адамдар мекемеден эвакуацияланды, деп жазады sputnik.kz.

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің мәліметінше, миналау туралы ақпарат расталмаған.

Тұран даңғылындағы "Аура" түнгі клубына мина қойылады деген хабарлама 19 желтоқсан күні сағат 18:36-да түскен.

"Ешқандай жарылғыш зат табылмады. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған ақпарат бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Сотрудники полиции