Нұр-Сұлтанда Жаңа жыл тойлана ма? Әкімдік жауап берді

0
648

Жаппай мерекелік шаралардың күшін жою мүмкіндігі бар.


Нұр-Сұлтанда Жаңа жыл тойлана ма? Әкімдік жауап берді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі жаңа жылдық іс-шаралар шешілмеген мәселе екенін айтты. Олардың өтуі немесе болмауы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады, деп жазады Stan.kz.


«Кез келген жаңа жылдық іс-шаралардың өткізілуіэпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Қазір көріп отырғанымыздай, іс-шаралардың көпшілігі онлайн режимінде, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.


Осыған сүйене отырып, жаппай мерекелік шаралардың күшін жою мүмкіндігі бар. Әкімдік бұл мәселе бойынша толығырақ жауапты кейінірек беруге уәде берді.


«Біз қосымша ақпарат береміз», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.


Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 587 жағдайы расталды. Бұл көрсеткіш бойынша елорда әлі де науқас санына жағынан алда тұр.

Соңғы тәулікте мұнда аурудың 47 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ республикада коронавирустың салдарынан жеті, CVI белгілері бар пневмониядан тағы екі адам қайтыс болды.