Оқиға орнында түсірілген видео елорда паблигінде жарияланды. Онда төбеден су сорғалап жатқаны көрініп тұр.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы Astana IT University ғимаратын қатты нөсерден кейін су басты, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға орнында түсірілген видео елорда паблигінде жарияланды. Онда төбеден су сорғалап жатқаны көрініп тұр.
"ЭКСПО-дағы Astana IT University университетінде оқу күні осылай басталды", - делінген видеоның сипаттамасында.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтанның бірқатар көшесін, атап айтқанда Кенесары көшесін су басты.
Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК мәліметіне сүйеніп, 8 тамызда күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайтынын хабарлаған болатын.