Нұр-Сұлтанда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды (видео)

0
585

Тәртіп сақшылары "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.


Нұр-Сұлтанда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. Елордада жолда болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалған, деп жазады Tengrinews.kz.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 9 желтоқсанда сағат 2.42-де 102-ге Құдайбердіұлы даңғылында төбелес болғаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.

"Оқиғаға қатысушылар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар түнгі уақытта бардан шығып, кейін төбелескені анықталды", - деді полиция өкілі.


Тәртіп сақшылары "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, айналасындағыларға құрмет көрсетпегені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп толықтырды полиция өкілі.