Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: 23 адам ауруханаға жатқызылды

0
720

Дәмханадағы бойжеткен үйінді астында қалып, оқиға болған жерде көз жұмды.


Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: 23 адам ауруханаға жатқызылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыстан кейін 23 адам ауруханаға жатқызылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Басқарманың баспасөз қызметіндегілер жалпы 35 адам зардап шеккенін хабарлады. Олардың барлығы дереу қалалық ауруханаларға жеткізілді.

"Медицина мамандары оларды қарағаннан кейін 23 адам ауруханаға жатқызылды, 11 адам жеңіл жарақатпен амбулаториялық емделуге жіберілді", - делінген хабарламада.

Науқастар әртүрлі дәрежедегі термиялық күйікпен, орташа ауырлықтағы улану белгілерімен №1 және №2 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды. Басқа жараланғандар мен миы шайқалған пациенттер ауруханалардың бейінді бөлімшелерінде.

Еске салайық, кеше, 21 қараша түсте Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханадағы бір қыз үйінді астында қалып, оқиға болған жерде көз жұмды.