Нұр-Сұлтандағы "ҚазМұнайГаз" ғимараты саудасы неге тоқтатылғаны айтылды

0
492

Қазір бұл ғимаратты Энергетика министрлігі алып жатыр.


Нұр-Сұлтандағы

ERNUR.KZ. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтан орталығындағы ұлттық компания кешені неге аукционнан алынғанын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Мырзағалиевтің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" ғимараты аукционы бағалау негізділігіне қатысты сұрақтар туындауына байланысты тоқтатылған.

"Бұл айтып отырған ғимарат бізге тиесілі. Сондықтан аукционға байланысты, шынымен де осындай жұмыс болды, өйткені қазір бұл ғимараттан көшіп кеткенбіз. Қазір бұл ғимаратты Энергетика министрлігі алып жатыр. Аукцион неге өтпей қалды? Өйткені бағалау туралы, бағалаудың негізділігі туралы сұрақтар туындап, қазір бағалаушылармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмысты атқара салысымен, сіздерге және жұртшылыққа хабарлаймыз деп ойлаймын", - деді Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтандағы "ҚазМұнайГаз" ғимараты бағаланған сома жеткілікті.

"Шын мәнінде, бағалаушылар арзан баға қоймады. Өйткені 11,7 миллиард теңге әбден барабар деп бағаланып, елордамыздағы жылжымайтын мүлік нарығына сай. Бірақ бұл бағалауды жүргізген бағалаушының құзыретіне қатысты сұрақтар туындады. Бұл мәселелер оның аттестациясына қатысты", - деп түсіндірді ол.