Нұр-Сұлтандық келіншек Петропавл полицейлерін таптап кете жаздады (видео)

0
1 524

Енді жүргізуші әкімшілік жауапкершілікпен қатар, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.


Нұр-Сұлтандық келіншек Петропавл полицейлерін таптап кете жаздады (видео)

ERNUR.KZ. Петропавлдағы қалалық орталық саябақ қақпасы алдында Нұр-Сұлтанның 25 жастағы әйел тұрғыны СҚО полиция департаментінің үш қызметкерін жаралай жаздады, деп жазады Zakon.kz.

Өңір полицейлері хабарлағандай, 6 сәуір күні ереже бұзғаны үшін Toyota жүргізушісіне қатысты үш хаттама толтырылды.

"Сонымен қатар, 1994 жылы туылған Нұр-Сұлтан тұрғынының үстінен ҚР ҚК 380 бабы бойынша "Билік өкіліне зорлық-зомбылық көрсету" сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді өңірдің полиция департаментінен.