Нұр-Сұлтанның мәдениет және спорт басқармасының басшысы пара алғаны үшін ұсталды (видео)

0
762

"Қазақстан жастар конгрессіне" жетекшілік жасап, "Жас Отанның" жауапты хатшысы болған.


Нұр-Сұлтанның мәдениет және спорт басқармасының басшысы пара алғаны үшін ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет және спорт басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді.

"Ол "Наурыз мейрамы-2020" мерекесін тойлауға орай жалпы сомасы 195 миллион теңгеге іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшарт бойынша қамқорлық көрсету үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деді агенттікке қарасты 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қазіргі таңда тергеу амаладары жалғастырылуда екен. Күдікті абақтыға қамалыпты.

Нұрлан Сыдықов еңбек жолын жастардың әлеуметтік ұйымы қоғамдастығында бастаған. "Қазақстан жастар конгрессіне" жетекшілік жасап, "Жас Отанның" жауапты хатшысы болған. Алматы әкімдігін бірнеше жыл қызмет етіп, жастар саясаты, ішкі саясат және мәдениет басқармасының басшысы да болып жұмыс істеген. Ал елордада ол былтырғы жылдың тамызынан бастап еңбек етуге кірісіпті.