Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны өтірік – телеарна басшысы

0
1 085

Әншінің ұлды болғаны туралы ақпарат «Алматы» телеарнасынан шығатын «Paparazzi» бағдарламасынан тараған еді.


Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғаны өтірік – телеарна басшысы

ERNUR.KZ. Кеше кешке еліміздегі интернет-ресурстар 82 жасында шаңырақ көтеріп, белігіл журналист Жадыра Сейдешті жар етіп алған, әнші Нұрғали Нүсіпжановтың ұлды болғанын жазып жатты. Бәрі құтты болсындап, тілек тіледі, деп жазады malim.kz.

Әңгіме «Алматы» телеарнасынан шығатын «Paparazzi» бағдарламасынан тараған еді. Бүгін телеарна басшысы Нұржан Жалауқызы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, кешірім сұрады.


«Құрметті ФБ оқырмандары!

Кешеден бері қазақ елінің біртуар азаматы Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. Ең алдымен Almaty телеарнасының басшысы ретінде Нұрғали ағадан кешірім сұраймын! Сіздің жүрегіңізге абайсызда түскен осынау қаяу менің әріптестерім үшін үлкен сабақ болары сөзсіз.

Сондай-ақ, телеарнамыздың тапсырысымен дайындалатын Paparazzi бағдарламасының тілшісімен көрермендерге жалған ақпарат таратқаны үшін бұдан былай жұмыс істемейтіндігімізді xабарлаймын», — деді арна басшысы.