Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды ант берді

0
2 268

Жаңадан сайланған сенат депутаттары ант берді


Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды ант берді

ERNUR.KZ. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды ант берді, деп жазады Bag.kz.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутатқа жүктелген мәртебелі міндеттерді атқаруға ант етемін!» - деп ант берді олар.

Сондай-ақ, сенатор Дархан Сатыбалды Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым тұрақты комитетінің, ал сенатор Нұрлан Бекназаров Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары тұрақты комитетінің мүшесі болып сайланды.

«Қызметтерініңіздің табысты болуына тілектеспіз. Құтты болсын!» - деді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.