Пәтер алғандардың арасында - облыстық клиникалық аурухана мен жедел жәрдем станциясының дәрігерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мұғалімдер, ЖОО-ның оқытушылары бар.
Республиканың Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік коммуналдық құрылыс бағдарламасы аясында жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс-шараға Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев және «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ-ның Инвестициялық жобалар департаментінің директоры Айсұлтан Акчурин қатысты.
Көп қабатты тұрғын үй Октябрь ауданы, Коммунистическая көшесі, 19/3 мекенжайы бойынша орналасқан. Барлық пәтерлер кезекте тұрғандарға таза әрленген күйінде беріледі және қоныстануға дайын. Жалға алу құны 1 шаршы метр үшін айына 1 226 теңгені құрайды.
Пәтер алғандардың арасында - облыстық клиникалық аурухана мен жедел жәрдем станциясының дәрігерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мұғалімдер, ЖОО-ның оқытушылары бар.
«Біздің компаниямыздың және жалпы мемлекеттің тұрғын үй саясатының басты міндеті – тұрғын үйді қолжетімді ету және қазақстандықтарға өз үйін алуға көмектесу. «Нұрлы жер» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй. 5 жылдан астам уақыт бойы біз халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға пәтерлерді 20 жылдан кейін өз меншігіне, артық төлемсіз және бастапқы жарнасыз алу мүмкіндігімен жалға беріп келеміз. Бүкіл ел бойынша осы бағыттың арқасында 20 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Биылғы жыл кез келген ел үшін дәрігер, мұғалім, фельдшер мамандығының қаншалықты маңызды екенін бүкіл әлемге көрсетті. Бүгін біз жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймыз және жаңа пәтерлерде бақытты өмір тілейміз", деді Айсұлтан Акчурин.
Қарағандының дәрігерлері мен мұғалімдеріне барлығы 11 бір бөлмелі, 21 екі бөлмелі және 5 үш бөлмелі пәтер берілді. Пәтерлердің ауданы 34,7-ден 72,6 ш. м.-ге дейін құрады.Жалға алу мерзімі 20 жылды құрайды, алайда жалға алушылардың қалауы бойынша пәтер мерзімінен бұрын сатып алынуы және меншікке ресімделуі мүмкін. Ең төменгі ай сайынғы төлем 42 542 теңгені, ең жоғары – 89 007 теңгені құрайды.