Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысып, қашықтан жұмыс істеген болатын.
Нұрлан Нығматулин коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус инфекциясынан сәтті емделіп шықты. Медициналық хаттамаға сәйкес, Мәжіліс төрағасы коронавирусты бақылау тестінен өтіп, тест вирустың жоқ екенін көрсетті", - делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулау режиміне ауысып, қашықтан жұмыс істеген болатын.