Облыста бес мектеп жабылады

0
1 175

Қостанай облысында биыл бес бірдей бастауыш мектеп жабылмақ.


Облыста бес мектеп жабылады

ERNUR.KZ. Қостанай облысында биыл бес бірдей бастауыш мектеп жабылмақ. Жергілікті әкімдіктер осындай шешім қабылдап отыр, деп жазады 24.kz.

Басты себеп бұл білім мекемелерінде бала саны толмайды. Облыс бойынша қазіргі таңда 509 мектеп бар. Ал білім ошағы жоқ елді мекендер саны 180-ге жуықтайды. Ондағы балалар жақын маңдағы ауылдардан қатынап немесе интернатта жатып оқып жүр. Енді олардың қатарына жабылған мектептердің 16 оқушысы қосылмақ.

Әсемгүл Иманова, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Көлік мәселесін шешу жергілікті әкімдіктердің мойнында. Интернатқа жатқызылған оқушылар апта сайын барып тұруға машина беріледі. Ал қайсыбірі күн сайын үйінен қатынайтын болады. Бұл мемлекеттік қызметке жатқандықтан бәрі тегін.