Өгей әкесі жарақаттаған 5 жасар баланың жағдайы белгілі болды

0
831

Ауруханаға түскен кезде 4 жас 11 айлық баланың жағдайы ауыр болған.


Өгей әкесі жарақаттаған 5 жасар баланың жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. №2 қалалық балалар аурухананың бас дәрігері Біржан Досмаилов оқ тиген бес жасар баланың жағдайы туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Біржан Досмаилов ауруханаға түскен кезде 4 жас 11 айлық баланың жағдайы ауыр болғанын айтты.

«Балаға операция жасалды және жағдайы тұрақталған соң стационарлық ем алу үшін жалпы хирургия бөлімшесіне ауыстырылуда. Жағдайы орташа тұрақты», - дейді ол елордада өткен брифингте.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда мас ер адам әйелін атып өлтіріп, өгей ұлын жарақаттағаны жайлы хабарлаған едік.