Тізімге Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар да енгізілген.
ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті лицензиясы жоқ интернет-ресурстар тізімін жаңартты, деп жазады sputnik.kz.
Тізімге заңмен тыйым салынған интернет-казино белгілері бар 1820 бірегей желілік мекенжай енді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
"Тізімге комитет анықтаған заңсыз онлайн-казино мен заңсыз букмекерлік қызметтер енгізілді. Сонымен қатар тізім Telegram және WhatsApp мессенджерлерінен толықтырылып отырады", - деп жазылған хабарламада.
Заңсыз ойын бизнесінің таралуына бей-жай қарамайтын азаматтар күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардың сілтемелерін жібереді.
Тізімге Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар да енгізілген.
Анықталған ақпарат "Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне енгізіліп, Қазақстан Республикасының аумағында олардың қызметін шектеу үшін заң тұрғысынан бағалау жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай ресурстарды анықтаумен 2024 жылғы 4 қыркүйекте құрылған министрліктің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті айналысады.