ОҚО-да зорлады делінген 7 жасар баланың анасы бірнеше күннен бері табылмай жүр

0
2 310

ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева ОҚО Сарығаш ауданындағы Абай ауылында жоғары сынып оқушылары зорлады деген 7 жасар баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


ОҚО-да зорлады делінген 7 жасар баланың анасы бірнеше күннен бері табылмай жүр

ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева ОҚО Сарығаш ауданындағы Абай ауылында жоғары сынып оқушылары зорлады деген 7 жасар баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бала қазір сабақта, оның қасында әжесі мен тәтесі бар. Баланың қарны тоқ, жағдайы жақсы. Мен бірнеше азаматпен барып келдім, оларды өз көзіммен көріп қайттым", — деді ол.

"Анасын бірнеше күннен бері біз де таба алмай жүрміз. Ұлы да, тәтесі де хабарласты, алайда ол телефонды көтермейді. Мен не болып жатқанын білмеймін. Ең бастысы қазір баланың жағдайын ойлау керек. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр", — деді Балиева.

Еске салып өтсек, үш-төрт күн бұрын отандық БАҚ бетінде "Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлаған" деген ақпарат тараған еді. Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында бар-жоғы бірінші сыныпта оқитын оқушыны өзінен 7-8 жас үлкен 4 оқушы 5 ай бойы зорлап келген көрінеді. Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан екен. Содан бері полицейлерге неше мәрте барғанымен тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдапты.

Алайда сот-медициналық сараптама қорытындысы бірінші сынып оқушысына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғанын теріске шығарды.

Кеше ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектепте болған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды. Атап айтсақ, ҚР заңына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке қатаң ескерту берілді. Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі басшысы О.Бердалы мен Сарыағаш ауданы, Абай ауылдық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Ә.Ибрагимов, ювеналды полиция бөлімшесінің №73, №74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторы Қ.Сәриев қызметінен босатылды.