2017 жылдың тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында орын алған бірінші сынып оқушысына Ж.Баласағұн мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушылары жасаған жыныстық сипаттағы зорлық іс-әркеттер туралы БАҚ-тағы хабарламалар қоғамда үлкен резонанс тудырды,-деп жазады ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілінің баспасөз қызметі.

"ҚР Омбудсмені аталған іс түрлі тәпсірлерді туындатып отырғанына және жасөспірімің құқығын қорғау бойынша дер кезінде шара қолданылмауы, тергеу-тексеру амалдарының созылмалы сипатына алаңдаушылық білдірді.
Жәбір көрген балаға физикалық және психоэмоциялық жағдайының бұзылуына байланысты қажетті көмек көрсету мәселесі де өзекті болып тұр",-делінген хабарламада.
Осыған орай, жағдайды ҚР Обудсмені өз бақылауына алғанын жариялап, жан-жақты шара көру үшін Бас Прокуратураға, Ішкі Істер министрлігіне және ҚР БжҒМ балалар құқын қорғау Комитетіне тиісті ресми сауалдар жолданғанын хабарлады.